23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда жыл сайынғы жапырақты және қылқын жапырақты ағаштарды отырғызу маусымы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы әкімдігінен хабарлағандай, биыл көктемде «Жасыл аула» науқаны аясында тұрғындармен бірлесе отырып, 10 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
«Қала тұрғындарына барлығы 2638 ағаш көшеттері беріледі. Шегіршін, сәнағаш, шаған мен қайыңның көшеттері 1, 2 және 8, 9 сәуір күндері беру жоспарланды. Науқанға қатысушылар отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптауға міндеттелген», - деп хабарлады әкімдіктен.
Жалпы, ағаш отырғызу маусымы мамыр айының соңына дейін жалғасады. Ағаш отырғызудың негізгі науқаны күз кезінде болады. Биыл күзде 300 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған. Көпшілік ағаштар Алатау және Наурызбай аудандарында отырғызылатын болады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады