6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда 57 жастағы әйелге бірегей шағын инвазивті ота жасалды, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы қалалық онкологиялық орталығына ұйқы безі құйрығының ісігі бар науқас түскен. Дәрігерлер оған көкбауырды сақтайтын дистальды ұйқы безінің резекциясы (Кимур отасы) бірегей шағын инвазивті отасын жасады.
Отаның ерекшелігі еш кесусіз – лапароскопиялық әдіспен жасалады. Ең бастысы мұндай ота кезінде дәрігерлер көкбауырды сақтап қалады. Бұл пациенттің денсаулығы үшін маңызды, өйткені, көкбауыр бактерия мен вирустармен күресу үшін қанды сүзуге және антиденелерді өндіруге қатысатын орган,- деп хабарлады қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.
Дәрігерлердің айтуынша, көкбауырды сақтап қалу үшін барлық тармақтарды тауып, бітеу керек болды. Себебі, тармақтар көкбауырдан ұйқы безінің құйрығына дейін созылады.
Бұған дейін мұндай диагноз кезінде көкбауырды ісікпен бірге алып тастайтынбыз. Қазір жаңа әдістер мен құрал-жабдықтардың арқасында көкбауырды сақтай отырып, осындай оталарды жасай бастадық. Аталмыш ота бір сағатқа созылды. Ота кезінде көкбауырды құтқару үшін біз ұйқы безінің құйрығына тікелей баратын барлық тармақтарды тауып, оларды бітедік. Барлығы жақсы өтті. Науқастың көкбауырын сақтап, ісікті алып тастадық, ол гистологиялық зерттеуге жіберілді. Науқас отадан кейінгі келесі күні бөлімшеге ауыстырылды, - деді дәрігер Нұрлан Балтаев.
Сондай-ақ белгілі болғандай, мұндай ота кесусіз жасалады, демек аз мөлшерде қан жоғалтумен ерекшеленеді және отадан кейінгі алғашқы күндерде-ақ науқас қалпына тезірек келіп, отадан кейінгі асқынулар барынша азая түседі.
Осы орайда алматылық онкологтар диагноздың уақытында қойылуы толық сауығуға мүмкіндік беретінін ескертті.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі