6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Kitap Fest Kids фестивалі өтеді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі мәлімдеді.
KitapFest кітап фестивалі 2014 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұл жоба сегіз жыл ішінде шығармашылыққа құштар жандар үшін ауқымды әрі бірегей алаңға айналып үлгерді. Мұнда қазақстандық авторлар мен баспагерлердің 150-ден астам кітабының тұсауы кесілген.
Биыл фестиваль Қазақстандағы балалар жылына арналған. Сол себепті іс-шара ауқымды балалар бағдарламасын қамтиды, балалар жазушылары Лилия Клаус, Гүлнәр Жандыбаева, Гүлжан Сәрсенова, Әсел Сапақовамен кездеседі.
Жаңа туындылардың тұсаукесері өтеді. Фестивальде кітаптарды көрумен қатар, оларды жеңілдікпен сатып ала аласыз.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі