Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы қаласындағы Достық үйінде 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Алғашқы құттықтау сөзімен Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы Назар Балғымбаев дөңгелек үстел жұмысын бастады.
Қатысушылар ел Тәуелсіздігіне байланысты келелі пікірлерін ортаға салып, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы жайлы тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.
Одан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерін наградалар мен алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.
Қазақстан Республикасы және оның Астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен Өмірзақ Айтбаев, Леонид Питаленко, Джульетта Багаева, Шамшидин Паттеев, Олег Червинский марапатталады.
Қазақстан халқының бірлігін, қоғамдық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға лайықты үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрмет грамотасымен Ильяс Шинды, Рустам Кайрыев, Светлана Кан, Анастасия Майсюк, Аллаккулы Джафаров, Александр Гудков, Жомарт Симтиков марапатталады.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында қайырымдылық және меценаттық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жомарт жан» төсбелгісімен Фаиг Байрамов марапатталды.
Басқа да қатысушылар Ұлттық бірлік және қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін Қазақстан Республикасы Президенті атынан Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек