Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда Канье Уэсттің концертіне келетін көрермендер үшін Орталық стадионға кіру сызбасы жарияланды. Көрермендерге қақпалардың орналасуымен алдын ала танысып, билетте көрсетілген секторды тексеру ұсынылады. Бұл қажетті кіреберісті дұрыс таңдауға және кезекте артық уақыт жоғалтпауға мүмкіндік береді.
Көрермендерге қолайлы болу үшін стадионға кіретін қақпалар билет санаты мен секторлардың орналасуына қарай бөлінген.
BRONZE санатындағы билеттері бар көрермендер стадионға Сәтбаев көшесі жағынан, №3 кіреберіс арқылы кіреді. Бұл 1–7, 10–13, 30–60 секторлары.
Келесі секторларда орындары бар көрермендерге Байтұрсынов көшесі жағындағы №1, №2 және №4 қақпаларды пайдалану қажет. 8–9, 14–28 секторлары, GOLD, SILVER және барлық ложалар.
8–9 және 14–28 секторларындағы билеттері бар, сондай-ақ GOLD, SILVER санаттары мен барлық ложаларға арналған билеттердің иелері стадионға Абай даңғылы жағынан, №5 және №6 қақпалар арқылы кіреді.
Орталық стадион аумағына көрермендерді кіргізу сағат 16:00-де басталады. Іс-шараға кешікпей кіру үшін ұйымдастырушылар стадионға келуді соңғы сәтке қалдырмауға және концерт кезінде көшелердегі қозғалыс шектеулері мен жабылу сызбасын ескеруге шақырады.
Концертке жолға шығар алдында билеттегі ақпаратты мұқият тексеріп, билет санатын немесе сектор нөмірін тиісті кіреберіспен сәйкестендіру қажет.
Сондай-ақ басқа кіреберісті пайдаланған жағдайда стадион аумағында өз орнына жетуге қосымша уақыт кетуі мүмкін. Сондықтан көрермендерге сызбада көрсетілген тиісті қақпаға бірден бағыт алу ұсынылады.
Көрермендерден стадион аумағында қауіпсіздік талаптарын сақтап, қызметкерлердің нұсқауларын орындау сұралады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары