Алматыда ірі монша кешені өртеніп жатыр

14 Ақпан, 19:00 1067

Алматыда ірі монша кешені отқа оранды. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен арпалысып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

101 қызметіне 14 ақпан сағат 18:00-де Медеу ауданы Оспанов көшесінде орналасқан монша кешенінің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жоғары дәрежедегі хабарлама бойынша жіберілді.

ТЖМ мәліметінше, жолдағы кептеліс өрт сөндірушілерге кедергі келтірген. Дегенмен соған қарамастан оқиға орнына жедел жеткен төтеншеліктер екі ағаш үйдің жанып жатқанын, өрттің оның жанындағы ағаштан соғылған коттедждерге таралу қаупі туындағанын анықтаған.

Дереу жедел штаб ұйымдастырылып, өрт оқпандары орнатылған. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Алдын ала мәлімет бойынша қызыл жалын аумағы 600-700 шаршы метрді құрайды.

Соңғы келіп түскен мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер қызыл жалынды оқшаулап үлгерді. Әзірге өрттің толығымен сөндірілгені туралы ақпарат жоқ. 

Оқи отырыңыз: 

Баян Әжмұхан
Бөлісу: