13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматы қаласының полицейлері ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес департаменті мен қалалық прокуратураның қолдауымен интернет-алаяқтықпен айналысқан екі кеңсенің әрекетін әшкереледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жедел-іздестіру шаралары барысында шетелдік азамат басшылық еткен Call-орталық анықталды. Алаяқтар Оңтүстік Азия елдеріндегі банк шоттарында бұғатталған депозиттердегі қаражатты шешіп алуға көмектесеміз деген жалған уәде беріп, азаматтарды алдаған.
Call-орталық қызметкерлерінің негізгі міндеті – кураторлардың нұсқауымен дроп-шоттарға түскен қаражатты бақылау және оларды басқа шоттарға аудару болды. Бұл қаражат әртүрлі төлем жүйелері арқылы таратылып отырған. Сондай-ақ кеңселерді тінту кезінде ақшалай операцияларды өңдеу мақсатында қолданылған 100-ден астам жүйелік блок тәркіленді. Алматы халықаралық әуежайында осы қылмыстық іске қатысы бар тағы бір адам елден қашпақ болған сәтінде ұсталды, — деп мәлімдеді Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Тергеу барысында кеңсе қызметкерлерінің бұл жұмысты интернет арқылы тапқаны белгілі болды. Оларды сұхбаттасу кезеңінен бастап оқытуға дейін кеңсе меңгерушілері ұйымдастырған. Жаңа қызметкерлерге тапсырмалар беріліп, олардың негізгі міндеті – P2P-төлемдеріне байланысты қаражат аударымдарын өңдеу екені түсіндірілген. Қызметкерлерге жеке ұялы телефон пайдалануға тыйым салынған және құпиялылық қатаң сақталған.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Үш адам қамауға алынып, тағы 26 күдіктіге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды