7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматыда мешіт имамы көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болды. Ер адам есінен танып, сол сәтте рульді басқара алмай қалған. Автомобиль жол шетіне шығып, билбордқа соғылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға Әл-Фараби даңғылында, Жамақаев және Сейфуллин көшелерінің арасындағы бөлікте болған. Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Lancer көлігі шығыс бағытта қозғалып келе жатып, бір сәтте баяу оңға қарай ауытқи бастаған.
Көлік Жамақаев көшесін кесіп өтіп, бордюрге шығып кеткен, одан кейін көліктің бір жағы газонмен сырғып, ақыры жарнама тақтасына соғылған.
Куәгердің бірі апат болған сәтте көлікке жүгіріп барған. Ол жүргізушінің есінен танып қалғанын көріп, өрттің алдын алу үшін аккумуляторды ажыратып, өтіп бара жатқан жедел жәрдем көлігін тоқтатқан.
Дәрігерлер ер адамның жол апатына дейін қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала болжам бойынша, ол денсаулығына байланысты жағдайдан көз жұмған.
Болжам бойынша, жүргізушінің өлімі соқтығысуға дейін болған, – деді дәрігерлер.
Жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен криминалистер оқиға орнында жұмыс істеп, қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Полиция марқұмның кім екенін анықтады, ол Алматыдағы мешіттердің бірінің имамы екені белгілі болды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?