6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда иесіз және бұралқы жануарларға арналған жедел ветеринарлық көмек қызметі жұмысын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа бастама төтенше жағдайға жедел әрекет етуге және зардап шеккен жануарларды клиникаларға жеткізуге бағытталған. Оның аясында барлық қажетті жабдықпен қамтылған екі арнаулы бригада құрылды. Тасымалдау үшін торлар, зембілдер және медициналық құралдармен жабдықталған жүк көліктері пайдаланылады.
Жедел ветеринарлық көмекті төмендегі жағдайларда шақыру қажет:
- Ауыр жарақаттар: жол апаты, құлау;
- Улану;
- Қауып алу: инфекция мен асқыну қаупі;
- Жедел жағдайлар: коллапс, жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі, тыныс алу проблемасы.
Жедел ветеринарлық көмек шақыру нөмірі: 8 708 595 64 04, 338 27 59 немесе Бірыңғай нөмір – 109.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі