Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖамбыл атындағы филармонияның 90 жылдығы аясында Төлепберген Әбдірашев атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің ұйымдастыруымен «ХХ25» атты фестиваль өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның мақсаты ХХ ғасыр мен заманауи композиторлардың симфониялық шығармалары арқылы өткен мен бүгінді жалғап, сол кезеңдегі көркем идеяларды қазіргі уақытпен үндестіру болып отыр. Фестиваль екінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы фестивальдің ерекшелігі – шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде алыс-жақын шет мемлекеттердің сахналарында өнер көрсетіп жүрген дарынды қазақ жастарының туған еліне оралып, өз өнерін көпшілік көрерменге паш етуінде.
Фестиваль 6 маусым күні басталды. Оны ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Бельгиядан арнайы келген халықаралық байқаулардың лауреаты, талантты скрипкашы Меруерт Карменова ашып берді.
13 маусым күні фестиваль халықаралық байқаулардың лауреаттары, пианист Ботагөз Айғалқаева мен Алияр Өтетілеудің орындауындағы концертпен жалғасын тапты. Іс-шараның жабылу кешінде Испаниядан келген танымал жас скрипкашылардың бірі, әлемдік сахнада ел абыройын асқақтатып жүрген халықаралық деңгейдегі музыкант Ержан Кулибаев өнер көрсетті. Фестиваль аясында әлемдік музыка өнерінде жоғары бағаланатын бірқатар күрделі әрі мазмұнды шығармалар орындалды.
Атап айтсақ, Д.Шостаковичтің «№5 симфониясы», Ф.Пуленктің «Екі фортепиано және оркестрге арналған концерті» және Қазақстанда алғаш рет Кароль Шимановскийдің «Скрипка және оркестрге арналған №1 концерті» көрермен назарына ұсынылды
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары