Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында қазақстандық композитор Хамит Шанғалиевтің туындысы — «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа ұлттық операны Алтын Орданың құрылу тарихына негізделген. Қойылымды сахналауға әйгілі италиялық режиссер Давиде Ливермор шақырылды. Театрдың жетекші әртістерінің, симфониялық оркестр мен хордың қатысуымен тарихи дәуір шынайы сахналанды.
Операны дайындау барысында Алтын Орда тарихы бойынша белгілі ғалымдар Ильнур Миргалиев, Ілияс Кемалоглу және Нұрлан Атығаевпен кеңестер өткізіліп, тақырып егжей-тегжейлі зерделенген. Сонымен бірге, мұнда тарихи нақтылық сақталған.
2024 жылдың 29, 30 қарашасы және 1 желтоқсанында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасын ұсынады. Үш күн бойы көрермендер ортағасырлық ең ірі мемлекет — Алтын Орданың қалыптасу дәуіріне саяхат жасап, маңызды тарихи сәттер мен ұмытылмас эмоцияларды сезінуге мүмкіндік алады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек