30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыдағы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі Пантелей Кесоглудың 85 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Президент мәдениет пен эстрада өнерін дамытуға қосқан зор үлесі үшін әртісті І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Салтанатты жиында Мәдениет және ақпарат министрі А. Балаеваның, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілхановтың құттықтау хаттары оқылды.
Бүгін таңертең Президенттің жарлығын оқып, қатты қуандым. Біздің Президенттің марапаты – менің өнердегі қызметім үшін берілген баға. Өнер адамы үшін ең үлкен жетістік – оны танып, ықыласқа бөленуі. Мен өзімді бақытты адаммын деп сенімді түрде айта аламын, - дейді Пантелей Кесоглу.
Салтанатты іс-шараға Қазақстанның халық әртiстері Р.Рымбаева, Н.Есқалиева, шығармашылық жоғары оқу орындарының ректорлары, зиялы қауым өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен әртістің шәкірттері жиналды.
Пантелей Кесоглу – қазақстандық эстрада әншісі, музыкалық педагог және профессор. Жұмыс істеген жылдары ол Қазақстандағы барлық фестивальдерге қатысып, қазақ гостелерадио оркестрімен 400-ден астам жазба жасап, екі миллионға жуық күйтабақ шығарды. 2000 жылдан бастап Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында сабақ береді.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды