Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары21 қарашада «Граждане крыши» фильмі Қазақстан кинотеатрларында көрсетіле бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Туындыны Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірген. Фильм қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.
«Граждане крыши» – Гүлшат Смағұлованың режиссерлік дебюті. 15 жылдан астам продюсерлік тәжірибесі бар автор бұл фильмде ерекше достық оқиғасын баяндайды.
Туындының бас кейіпкерлері – қиын тағдырды бастан өткерген Дамир мен аутизм диагнозы бар жасөспірім Костя. Бұл – қоғамға бейімделу, инклюзия, мейірімділік пен түсіністіктің құндылығы туралы әсерлі хикая, - делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінде.
Сценарий авторы – Жанна Тимофеева (дебют), ал қоюшы-суретші – Елена Айтова (дебют). Қоюшы оператор – Александр Плотников. Фильм түсірілімі 2024 жылдың көктемінде Алматы мен Алматы облысының Талғар ауданында өтті.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек