Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда есірткіні жарнамалаған азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының полицейлері 33 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Бөгенбай батыр мен Чокин көшелерінің қиылысында ер адам ғимараттың қасбеттеріне есірткі жарнамасын салған.
Кешке қарай қаскөй есірткі жазуы бар трафаретпен және басқа да көркем құрал-жабдықтармен қаруланып, үйлердің ауласына қарай бет алды. Оның қасында серігі болды. Осылайша жастар өздеріне назар аудартпаймыз деп ойлады. Алайда олар ұсталды. Қыздың рөлі тергеу барысында анықталатын болады. Күдікті қамауға алынды. Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың аналогтарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Пшан.
Күдікті бұрын есірткі қылмысы үшін сотты болған. Қазіргі уақытта, оның жұмыс берушілері анықталуда, жедел шаралар қолданылып жатыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?