Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАлматыда есірткі жарнамалары жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда есірткі жарнамасы бар жазуларды бояуға арналған кезекті бірлескен науқан өтті. Тұрғын ауданда еріктілер мен полиция қызметкерлері, қабырғаларды, тыйым салынған заттарды насихаттайтын жазулардан тазартты. Науқанға “АМАNAT” партиясы жанындағы “Жастар рухы” жастар қанатының Бостандық аудандық филиалының, “NARKOSTOP” жобасының “JAS Volunteers” волонтерлік ұйымының өкілдері, Алматы қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ Бостандық ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Іс-шара Мемлекет Басшысы белгілеген “Заң және Тәртіп” қағидаты рухында және ҚР Ішкі істер Министрлігі жариялаған “Профилактика жылы” аясында өтті.
Науқанның басты мақсаты – есірткінің көрнекі насихатын жою ғана емес, сонымен қатар есірткі қаупімен күресу барлық құрылымдардың: мемлекеттік органдардың, полицияның және азаматтық сектордың күш-жігерін біріктіруді талап ететін қоғамның ортақ ісі екенін көрсету.
Мұндай бастамалар қоғамда есірткі қылмысына мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және жастарды өз қаласы мен болашақ ұрпақты қорғау үшін нақты әрекеттерге тартуға көмектеседі.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік