23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласы Әуезов ауданының полицейлері отбасылық жұпты ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерлі-зайыптылар есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және сол тектестерді, прекурсорларды жарнамалады деген күдікке ілінді.
Жеке тінту кезінде ұсталғандардан аэрозоль бояуы, телефон, медициналық пипеткалар, есірткі сайттарының мекенжайлары жазылған трафареттер және басқа да сурет салу құралдары тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де нашақор екені және мефедрон қолданатындығы белгілі болды. Біраз уақыттан бері ерлі-зайыптылар ақшалай сыйақы алу үшін ғимараттардың қасбеттеріне есірткі жарнамаларын сала бастаған, сол үшін ұсталып, қамауға алынды. Аталған дерек бойынша полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Данияр Меңдебаев.
ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік