1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда ерлі-зайыптылар жаңа туған сәбиін 2 млн теңгеге сатпақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алмалы ауданында арнайы іс-шараны ҰҚҚКБ жедел уәкілдері мен полицияның арнайы жасақ қызметкерлері бірлесіп жүргізді. Үйлестіруді Алматы қаласының прокуратурасы жүзеге асырды.
– 1998 жылы туған әйел мен оның күйеуі 1991 жылы туған азамат ұсталды. Бірнеше сағат бұрын әйел перзентханадан шыққан. Олар сол жерден бірден мәміле жасауға кеткен. Олар қызын 2 миллион теңгеге бағалаған. Айта кету керек, ерлі-зайыптылар туылмаған бала үшін “әлеуетті ата-ананы” алдын ала іздеген. Жаңа туған нәрестені сатудан түскен ақша айыпталушыларды ұстау кезінде тәркіленді. Іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 135 бабы 2 бөлігі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс аясында жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деді, Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев.
Бұл ерлі-зайыптылардың екі баласы бар екендігі анықталды. Олар ауыр қылмыс бойынша өз кінәларын толықтай мойындады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?