Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда «Инклюзивті Алматы 2025-2030» қалалық тұжырымдамасы белсенді түрде әзірленуде. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағылар мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тұжырымдама ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдаудың тұрақты жүйесін құру бойынша әкімдік қызметінің барлық бағыттарын біріктіреді. Бағдарлама қаланы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясының басымдықтарын ескере отырып әзірленді және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, сондай-ақ осы санаттағы азаматтарды қала өмірінің барлық салаларына толыққанды енгізуге бағытталған. Сондай-ақ, биыл 32,5 мың қалалық инфрақұрылым объектілерін паспорттау жоспарлануда. Бұл процесті автоматтандыру үшін нақты уақыт режимінде объектілерді паспорттау мен бейімдеу барысын жедел бақылауға мүмкіндік беретін мобильді платформа құрылды. Бұдан басқа, 2030 жылға дейін ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қалалық инфрақұрылымның 3,1 мың әлеуметтік объектілерін кезең-кезеңімен бейімдеу жоспарланған
Айта кетейік, шаһар басшысы Ерболат Досаевтың тапсырмалары аясында қабылданып жатқан шаралардың арқасында Алматы Қазақстанда инклюзивті орта құру бойынша көшбасшы орында тұр. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоса алғанда, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін кедергілерді жоюға және құқықтардың теңдігін қамтамасыз етуге басты назар аударылады.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары