6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӘлеуметтік желіде алматылық бойжеткеннің анасын сабап кеткен ер адамның лайықты жазасын алуын талап еткен видеосы тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматының 24 жастағы тұрғыны Анастасия Борисованың сөзінше, 5 сәуір күні жұмыстан келе жатқан анасын ер адам темір сойылмен ұрып, соққыға жыққан.
Басынан, қолынан ауыр соққылар алған әйелге жақын маңда жұмыс істейтін ер адамдар көмектескен. Жәбірленуші шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оған қажетті медициналық көмек көрсеткен. Дегенмен зардап шеккен әйелге жүріп-тұру әлі де қиын көрінеді.
Осы жайттан соң Түрксіб аудандық полиция басқармасы адам денсаулығына қасақана орташа ауыр зиян тигізген адамға қатысты қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді.
Күдіктіні ұстап, жауапкершілікке тартуға бағытталған жедел шаралар кешені жүріп жатыр. Сонымен қатар оқиғаның басқа да мән-жайларын анықтау мақсатында тергеу басталды, - деп хабарлайды Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
@borz_girl все закреплено в актуальных в Инстаграм @borissova_25
♬ оригинальный звук - borzova_ girl
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі