6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда ер адам автобус контролерін ас үй пышағымен жарақаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Келеңсіз жайт Алматының Наурызбай ауданындағы соңғы автобус аялдамасында болған. Белгіленбеген жерде шылым шегіп тұрған 38 жастағы ер адамға автобус контролері ескерту жасап, екеуі сөзге келіп қалған.
Сонан соң ер адам автобус салонына жүгіріп кіріп, контролерді пышақпен жарақаттаған. Жедел жәрдем қызметкерлері оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуатбек Науатов.
Бұл жайт бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Күдікті тез арада ұсталып, уақыша ұстау изоляторына қамалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі