Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда полицейлер тұрғынның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция қызметкерлері 14-қабаттағы пәтердің терезесінен секіріп кетпек болған 32 жастағы ер адамның өмірін сақтап қалды.
Сағат 22:40-та белгісіз біреудің көпқабатты үйден секірмек болғаны туралы қоңырау келіп түсті. Оқиға орнына бірден екі экипаж “Буран-138” және “Буран-160” барды. Ақпарат расталды. Кондиционер бөлімінде өзін-өзі өлтіремін деп қорқытқан ер адам отырған. Полиция аға лейтенанты Нұржан Тоғанбаев көрші пәтердің терезесінен келіссөз жүргізді. Осы кезде ТЖ қызметкерлерінің көмегімен әріптестерім Айдос Сарқұлов пен Айбар Байжігітов үшеуміз есікті бұздық, сосын қараңғыда жарықты қоспай, терезенің сыртындағы ер адамның жанына келдік. Бірнеше секундта біз оны қатты ұстап алып, пәтерге сүйреп кіргіздік, - деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Рустам Қадырбаев.
Терезеден секірмекші болған адам тұрғын үй кешенінің тұрғыны болып шықты. Оның бірнеше күн бойы тәуліктік жалдамалы пәтерде тұрғаны белгілі болды. Бір нұсқа бойынша, ер адам есірткіге мас болған. жедел жәрдем бригадасы оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Басқа да мән-жайларды Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары