Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматыда энергетикалық сусынды күнде тұтынған жасөспірім ауруханаға түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас энергетикалық сусынды жарты жылдан астам уақыт ішіп, фастфудпен жиі тамақтанған. Дәрігерлер оны жедел №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасына «гемофилия В» диагнозымен жатқызды.
Тексеру кезінде жасөспірімнен жоғары температура, еріннің қанауы, ауыз қуысының жаралары, буындардың ауыруы және мұрыннан қан кету байқалды. Жасөспірім жүре алмағандықтан, оны арбамен әкелген.
Алматы қаласы бойынша тәжірибелі дәрігер – бас балалар гематологы, №2 балалар ауруханасы гематология бөлімінің меңгерушісі Ұлжалғас Өскенбаева жігіттің IX фактор көрсеткіші гемофилияның орташа ауыр түріне сәйкес келетінін ескертті. Бірақ 17 жыл ішінде гемофилияның белгілері ертерек пайда болар еді. Сонымен қатар VII фактордың төмендеуі байқалған. Жасөспірімде коагулограмма бойынша гемофилияға сәйкес келмейтін механизмнің ішкі және сыртқы бұзылулары бар, - деп хабарлады ведомстводан.
Жасөспірімнің ауру анамнезімен танысқаннан кейін дәрігер үш жыл бұрын оған ота жасалғанын білді. Бірақ операция барысында гемофилияға тән ауыр немесе тоқтаусыз қан кету болмаған.
Сөйлесу кезінде жасөспірім энергетикалық сусындарды күнделікті ішкенін білдік. Ол алты ай бойы энергетикалық сусын ішіп, фаст-фудпен тамақтанған. Салдарынан бауыр жұмысы нашарлаған. Біз балаға диагноз қойдық: Бауыр қызметінің бұзылуы. Бауырдағы коагуляция факторлары синтезінің бұзылуы. Яғни, протромбиндік кешенді факторлардың жүре пайда болған тапшылығы. Гемофилия диагнозы расталмады. К витаминін енгізу және оны толықтыру арқылы емдеу жүргізілді,- деді Ұлжалғас Айтжанова.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?