Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы қаласында 2030 жылға дейін электр желілерін дамыту бойынша жаңа жоспар әзірленді. Бұл туралы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұрбақыт Серікбай мәлімдеді6 деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктегілер құжат мегаполистегі электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және электр энергиясының сапасын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
Жүргізілген талдау нәтижесінде 2030 жылға қарай Алматыдағы тұтыну қуаты 48%-ға артып, 1450 МВт-қа жететіні анықталды. Осыған байланысты жоспардың басты міндеттеріне мыналар кіреді:
• жаңа қосалқы станцияларды салу;
• электр желілерін жаңғырту және қайта құру;
• әуе желілерін кабельдік желілерге ауыстыру;
• жаңа тарату пункттерін орнату;
• электр беру желілерін ауыстыру.
Аталған іс-шараларды іске асыру жаңа тұтынушыларды қосуға жағдай жасап, алдағы он жылдықтағы ресурстарды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?