Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы қаласының Жетісу ауданында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Илья Григорьевич Кудиннің 98 жасқа толуына орай Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен басқарманың өкілдері, ардагерлер мен аудан әкімдігінің қызметкерлері арнайы құттықтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматы қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Нұржан Естаев, сондай-ақ «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының өкілі, отставкадағы полковник Төлеген Мұстафин ардагерге Қорғаныс министрінің құттықтау хатын табыстаған.
1927 жылы Алматы облысының Кербұлақ ауданында дүниеге келген Илья Кудин 17 жасында соғысқа шақырылып, артиллерия құрамында гитлерлік Германияға қарсы ұрысқа қатысқан. Кейін Қиыр Шығыста Жапонияға қарсы операцияларға да атсалысты. Әскер қатарынан 7 жылдан кейін оралған соң, туған жерінде механизатор болып еңбек еткен.
Ардагер II дәрежелі Отан соғысы орденімен және «1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бүгінде Алматы қаласында тұратын Илья Григорьевич үш баланың әкесі, тоғыз немере мен алты шөберенің атасы.
Әскери қызметкерлер ардагердің жауынгерлік жолын ерекше құрметтейтінін атап өтті. Өз кезегінде Илья Кудин жыл сайын көрсетілетін ілтипат пен құрметке ризашылығын білдірді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?