Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полициясы 2024 жылы “Жол жүрісі туралы” Заңға өзгертулер енгізілгенін еске салды. Енді мопед жүргізушілері жол қозғалысының толыққанды қатысушылары және оларға барлық заң талаптары қолданылады. Бүгінгі күні 2013 мопед иесі ресми тіркеу рәсімін аяқтады.
Қоғамда “Заң мен Тәртіп” қағидатын нығайту, сондай-ақ еліміздің ірі қаласындағы жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету аясында Алматы қаласының полиция қызметкерлері барлық жерде мопед иелеріне, көлік құралдарын тіркеу және жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осы жылдың 5 сәуірінен кейін мопедін уәкілетті органда тіркемеген және “А1” санатындағы жүргізуші куәлігінсіз мопедті басқарған мопед жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Ал көлік құралы мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылады, - деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасы Процессинг орталығының бастығы Айдын Меркімбаев.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады