Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген МҚҰ-ға қатысты тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Белгілі болғандай, алты МҚҰ бір құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған.
Сот, қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал МҚҰ алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді.
Еске сала кетейік, олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды.
Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді. Тергеу жалғасуда.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары