23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы полициясы спортшы Дамир Исахановқа жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде пайда болды. Желіде тараған мәліметте Алматыда «дзюдодан әлем чемпионатының жүлдегері Дамир Исахановты бірнеше адам өлтірмек болғаны» жазылған. Соққылардың бірі кеуде тұсына тиген. Спортшы тірі. Зардап шегушінің қорғаушылары қылмыстық іс жеңіл бап бойынша қозғалғанын алға тартуда.
Аталған іске байланысты Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Істі тергеу барысы Алматы ПД басшысының жеке бақылауында, - делінген ПД таратқан мәліметте.
Дамир Исаханов Қазақстан Республикасының спорт шебері, дзюдодан жастар арасында Азия чемпионы, жастар арасында әлем чемпионатына қатысқан.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады