30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай 9 маусымда ауқымды экологиялық акция өтеді. Акция Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының қолдауымен өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған қатысуға Алматы қаласының барлық тұрғыны мен қонағы шақырылады.
Бағдарламада:
- қайта өңдеу үшін халықтан қайталама шикізат жинау (17 түрлі қалдық қабылданады);
- қайырымдылық ұйымдары үшін зат жинау (киім, кітап, аяқ киім, тұрмыстық зат және т.б.);
- кітап алмасу;
- өсімдік алмасу;
- Дармарка («Сен қажетсізді әкелесің, өзіңе керекті нәрсені аласың»).
Қайта өңдеу тізімінде электронды және құрамында сынап бар қалдықтар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, пенопласт, консервілер, түрлі-түсті шыны қабылданады.
Мұндай акция «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқанынан кейін қала тұрғындары арасында кеңінен танылды. Іс-шараның бірінде 2,2 тонна қайталама шикізат және 2,7 тонна қайта пайдалануға арналған заттар жиналды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды