6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласында көкөніс сататын дүкен өртеніп, 2 газ баллоны жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 5 желтоқсан, түнгі сағат 23:19-да Бостандық ауданы Тілендиев көшесі, № 363/1 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
«Өрт сөндірушілер оқиға орнына 5 минутта жетті. Мамандар автотұрақтың аумағында орналасқан көкөніс сататын дүкеннің жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жоғары температураға байланысты бір газ баллоны жарылды, екінші баллон өрт сөндірушілер келген кезде жарылды. Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, 50 литрлік 2 газ баллонын алып шықты», – деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Ведомство мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, автотұрақта тұрған көліктер өрт пен жарылыстан аман.
Жалынның таралуы 4 минутта оқшауландырылып, 23:36 минутта толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Өрттің шығуына кінәлілер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы және Қылмыстық кодекстерге сәйкес жауапқа тартылмақ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі