12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТәуелсіздік күні мен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафон өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.
Салтанатта сөз алғандар Тәуелсіздіктің қадірін айтып, Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Одан соң марафоншылар Қонаев қаласын бетке алды. Қыстың көзі қырауда 60 шақырымға жүгіру оңай емес дейді желаяқтар. Әйтсе де, олардың алды 3 жарым сағатта қалаға аяқ іліктірді. Марафонның соңында жұрт Алматы облысының орталығындағы Қонаев ескерткішіне гүл қойды.
Бұл марафонның мақсаты жастарды спортқа баулу салауатты өмір салтын ұстану, және де жастардың патриоттық рухын арттыру мақсатымен жүзеге асырылып жатқан іс-шара, - марафоншы Қайрат Айдарбекұлы.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер