Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіАлматыда діни экстремистік әдебиеттерді таратты деген күдікпен шетелдік азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полициясы қалалық ҰҚКД мен полицияның арнайы жасақтарының көмегімен шетелдік азаматты ұстады. Оның діни жоралғыларды, оның ішінде оккультизммен айналысқаны, сондай-ақ Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйымның идеологиясының белгілері бар діни материалдарды таратқаны белгілі болды.
Рұқсат етілген тінту кезінде тергеуге қатысы бар заттар мен материалдар тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Азаматтығы мен тұрғылықты жеріне қарамастан деструктивті діни идеологияны таратуға бағытталған кез келген іс-әрекеттерге тосқауыл қойылады. Ұлттық қауіпсіздік пен конфессияаралық татулық – біздің жұмысымыздың басым бағыты, — деді, Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Кеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік