Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда қоғамдық тамақтану орындарының бас аспазы есірткі сатқаны үшін ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер есірткі сатты деген күдікпен жергілікті дәмхананың аспазын ұстады. Полицияның мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.
Ол гашиш есірткі затын жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспаз ұсталды. Ұстау және тінту нәтижесінде есірткі және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды. Қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық дерегін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.
Полиция азаматтарды қырағы болуға және есірткіге қатысты кез келген күдікті әрекет туралы хабарлауға шақырады.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар