Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматы қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) департаменті «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ірі көлемде пара беру және алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҚМА мәліметінше, «Бірінші кредиттік бюро» компаниясы қаржы ұйымдарының сұраныстарын өңдеу үшін қажетті ақпараттық қызметтерді ұсыну кезінде өз мүдделерін ілгерілету мақсатында «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» басшылығына жүйелі түрде заңсыз сыйақылар беріп отырған.
2025 жылғы 28 маусымда Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері кезекті 75 мың АҚШ доллары көлеміндегі параны беру сәтінде үш адамды ұстады.
Ұсталғандар қатарында:
Руслан Омаров – «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС бас директоры;
Ақмәди Сарбасов – «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшысы, бұрын еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болған;
Дәулет Арғандықов – осы орталықтың бұрынғы басшысы, бұрын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі қызметін атқарған.
Ұсталғандардың тұрғылықты жерінен жүргізілген тінту кезінде 370 мың АҚШ доллары мен 4,5 миллион теңге көлеміндегі қолма-қол ақша табылып, тәркіленді.
2025 жылғы 30 маусымда сот шешімімен Сарбасов, Омаров және Арғандықовқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды.
Тергеу жұмыстары жалғасуда.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар