23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда көпқабатты үйлердің бірінде ер адам бұрынғы әйелін аяусыз ұрып-соққаны видеоға түсіп қалды. Желіде қызу талқыға түскен оқиға полиция назарында, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған бейнежазбадан байқағанымыздай, лифт алдында тұрған екі ер адамның қасына әйел жүгіріп барады. Артынша бұрынғы күйеуі барып, ұрып-соғады. Желі қолданушылары оқиға куәгерлерінің үнсіз қарап тұрып, әйелге көмектеспегеніне қынжылған.
Аталған жағдайға Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
Ұрып-соғу фактісі бойынша іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Ол міндетті түрде жауапқа тартылады. Сонымен қатар жәбірленуші дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады, – деп хабарлады Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады