23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматыда Бұқар жырау бульварының учаскесінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалының мәліметінше, 2 желтоқсан 06:00-ге дейін Бұқар жырау бульвары мен Байзақов көшесі қиылысының оңтүстік бөлігінде, сондай-ақ Бұқар жырау бульвары бойында Байзақов көшесінен Есентай өзеніне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі.
Аталған аумақта газ құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Жароков көшесінен Бұқар жырау бульвары бойымен Есентай өзеніне дейінгі орта қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілді. Жалпы ұзындығы – 1766,9 м.
Қолданыс кезінде оқшаулағыш жабынның, сондай-ақ құбырдың 4 коррозиялық зақымдануы анықталған.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік