6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер1 мамырдан бастап Алматыда субұрқақтар маусымы ресми түрде басталады. Олар күн сайын сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, олардың жұмысы 1 қазанға дейін созылады. Бұл ретте қолданыстағы ережелерге сәйкес +5°C төмен температурада субұрқақтарды пайдалануға тыйым салынады.
Ағымдағы маусымда 56 коммуналдық субұрқақ кешені іске қосылады, оның 11-і «құрғақ». Субұрқақтарға техникалық қызмет көрсету мен санитарлық жағдайды Алматы қаласы қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы - «Eco Almaty» ЖШС қамтамасыз етеді, - делінген мәліметте.
Әкімдік биылғы сәуір айында Алматыда төрт орталық субұрқақты: әкімдік ғимаратының жанындағы Шығыс және Батыс субұрқақтарды, Республика алаңындағы субұрқақты және Ғ.Мүсірепов атындағы театрдың жанындағы субұрқақты ауқымды қайта жаңарту басталғанын еске салды.
Бұл нысандарда бөлшектеу жұмыстары жүргізілуде. Іргелес аумақтарды қайта құру мен абаттандыруды 2025 жылдың қазан айында толық аяқтау жоспарлануда. Жаңартудан кейін бұл субұрқақтар қала тұрғындары мен мегаполис қонақтары үшін заманауи, қауіпсіз және жайлы демалыс орындарына айналады, - деп қосты әкімдік.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі