6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қаласында автокөлік салығы бойынша қарызы бар жүргізушілерге арналған «Борышкер» жедел алдын алу шаралары өтіп жатыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл рейдті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті полиция департаментімен және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жүргізуде. Мақсат - көлік салығы бойынша берешектерді өндіріп алу.
Қарызы бар азаматтардың автокөліктері «Сергек» камералары арқылы анықталып, жеке сот орындаушыларының қаулысы болған жағдайда толық қарызы өтелгенше айыптұраққа қойылады.
Қазіргі таңда Алматы қаласында көлік салығы бойынша жалпы берешек көлемі 4,5 млрд теңгені құрайды. Қарыздың басым бөлігі қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден жоғары автокөліктерге тиесілі.
Мемлекеттік кірістер департаменті көлік иелерін айыптұраққа жеткізу және сот орындаушыларының шығындарын төлемеу үшін мүмкіндігінше тез арада салық қарыздарын өтеуге шақырады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі