Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдар тобы ұсталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Polisia.kz мәліметінше, олардың бір эпизодында күдіктілер шетел азаматына күш қолданып, қорқыту арқылы оны жалдамалы пәтерде заңсыз ұстағаны және қысым көрсету арқылы бес миллион теңге көлеміндегі қаражатын тартып алғаны анықталды.
Оқи отырыңыз:
Сондай-ақ заңсыз қару сақтау және құқыққа қайшы жанжалдарға қатысу фактілері тіркелді. 25 тінту жүргізіліп, нәтижесінде жеті тапанша, оқ-дәрілер, суық қарулар мен есірткі заттары тәркіленді. Анықталған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалып, заңға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
ІІМ елдегі, оның ішінде ірі мегаполистердегі жедел ахуал құқық қорғау органдарының тұрақты бақылауында екенін атап өтеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар