2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрБиыл Алматыда бизнесті субсидиялау, кепілдендіру және несиелеуге бюджеттен 70 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде жергілікті бюджеттен – 52,8 млрд теңге, республикалық бюджеттен – 17,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы ұсынған мәліметке сүйенсек, 2025 жылдың 1 наурызына дейін жалпы несие сомасы 18,8 млрд теңге болатын 197 жоба қолдау тапты. Бірыңғай кешенді бағдарлама аясында субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы 16,6 млрд теңгеге 135 жоба қаржыландырылды. Оның ішінде субсидиялау үшін 30 млрд теңге бағытталып, 100 жоба 14,8 млрд теңгеге қолдау алды.
Кепілдендіру құралына бөлінген қаржы көлемі 1,6 млрд теңге болды, 35 жоба – 1,8 млрд теңгеге қаржыландырылды. Гранттарға 200 млн теңге бөлініп, байқау 2025 жылдың соңына дейін өткізіледі. Жалпы алғанда 2025 жылы субсидиялау және кепілдендіру құралдары арқылы Бірыңғай кешенді бағдарламаның бюджеті 31,8 млрд теңге болды.
«Алматы Бизнес – 2025» өңірлік бағдарламасы аясында биыл бұрынғы кезеңнің револьверлік қаражаттары есебінен жобалар қаржыландырылуда. Жалпы несие сомасы 0,3 млрд теңге болатын 8 жоба қаржыландырылды. Сондай-ақ, «Даму» қорымен бірлесіп, Jana Business өңірлік бағдарламасы аясында 100 млн теңгеге дейін жеңілдетілген несиелер беріледі. Оның ішінде шағын өнеркәсіптік парктер үшін – 500 млн теңгеге дейін, несие мерзімі – 7 жылға дейін, пайыздық мөлшерлеме – 7%.
Сауда операцияларының тиімділігін арттыру мақсатында Jana Business бағдарламасы жылдық 9,5% мөлшерлемемен факторингтік мәмілелерді қаржыландыру мүмкіндігін қарастырады. Jana Business бағдарламасы аясында жыл басынан бері жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 54 жобаға қолдау көрсетілді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова