Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Алматы қаласындағы Достық үйінде Қазақстан Республикасы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Bіz - Qazaqstan bolashaqymyz» - «Мы – дети твои Казахстан» атты республикалық байқау-фестивалі өтті.
Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, «Қазақтану» жобасының іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласындағы «дала фольклорі мен музыкасына мың жыл» жобасы аясында тарихи сананы модернизациялау мақсатында өткізілді.
«Біз – Қазақстан болашағымыз!» республикалық фестиваль-байқауына қатысу үшін еліміздің барлық өңірлерінен 73 өтініш келіп түсті. Байқау барысында 18 бен 30 жас аралығындағы этномәдени бірлестіктері жастарының ең талантты және шығармашыл өкілдері қатысып, мықтылары анықталды. Байқау-фестиваль келесі номинациялар бойынша өтті:
1 номинация «Жыр сүйелі - Мастер слова»: Терме, жырдан үзінді оқу, тақырыптық бейне-роликпен және музыкалық сүйемелдеумен мемлекеттік немесе ана тілдерінде орындау.
2-номинация «Күміс күмей - Серебряный голос» - мемлекеттік тілдегі вокалдық қойылым.
3-номинация «Шебер орындаушы - Виртуозный исполнитель» - кез келген музыкалық аспаптарда шебер орындау.
4-ші номинация - «Мен осы адаммен мақтан тұтамын!» - мақтан ететін тұлға туралы - ел өміріне елеулі үлес қосқан этнос өкілі, біздің заманымыздың адамы туралы қысқаша әңгіме (эссе).
Гала-концертте фестивальға қатысушылардың ең үздік өнерлері орындалды. Сонымен қатар, арнайы жарықтандыру құралдар мен құралғыларды пайдалану арқылы залға заманауи дизайнмен безендірілген қатысушылардың жарқын ұлттық киімдері ерекше мерекелік көрініс беріп, кешті ажарландыра түсті.
Байқау қорытындысы бойынша барлық үміткерлер дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Кеше, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд