Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда 208,4 млрд теңгеге 3287 нөмірлі 23 қонақ үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қалалық әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылы 7 қонақ үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған, қалған жобалар 2027 жылға дейін бітеді.
Алматы қаласы туризм басқармасының басшысы Ғалия Тоқсейітованың сөзіне қарағанда, бұл қаланың нөмірлік қорын ұлғайтуға, сонымен қатар туристердің мегаполисте болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта мегаполисте әртүрлі санаттағы 345 қонақ үй бар. Алматы қаласының нөмірлік қоры 11 454 бірлік, қонақ үй нысандарының біржолғы сыйымдылығы 21,8 мың орыннан асады.
2023 жылдың қорытындысы бойынша Алматыда жеке инвестициялар есебінен 161 орынға арналған 4 қонақ үй инфрақұрылымы нысаны ашылды. Олардың ішінде: «Qazaq Auyl» мейрамханалық кешені бар эко-қонақ үй, «Grand Mildom», «Medeu camp», «Dami hotel» қонақ үйлері бар.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?