1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматыда 2024 жылы 11,7 мың оқушы орнымен қамтамасыз еткен 18 білім беру нысаны салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, осы шаралардың арқасында келесі оқу жылына дейін орын тапшылығы «басқарылатын» деңгейге – 3-4 мың орынға дейін қысқарады.
Білім беруді дамытудың маңызды бөлігі «Алматы мектептері» стандартының енгізілуі болды. Осы жоба аясында мемлекеттік мектеп оқушыларын тасымалдау ұйымдастырылды. 2024 жылы мектеп автобустарының саны 200 бірлікке дейін артты, бұл 15,3 мың оқушыны тасымалдауға мүмкіндік берді, - делінген мәліметте.
Ал 2025 жылы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен автобустар саны тағы 100 бірлікке көбейтіліп, бұл одан да көп оқушыны оқу орындарына қауіпсіз және ыңғайлы жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін автобустар шалғай және жетуі қиын аудандарда тұратын балалар оқитын мектептерден түскен өтінімдерге сәйкес маршруттарға шығатыны атап өтілген.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?