6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы облысында бірнеше қоқыс полигоны заңсыз жұмыс істеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аумақтық департаментінің басшысы Серік Орымбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі..
Оның айтуынша, Еңбекшіқазақ, Балқаш аудандары мен Қонаев қалаларындағы полигондар рұқсат құжаттарынсыз жұмыс істеген.
Еңбекшіқазақ ауданының полигонында құрылған сәттен бастап (1969 жыл) рұқсат құжаттары жоқ. Алайда әкімдік оны ешқандай құжатсыз жеке компанияға тапсырды. Әкімдік пен компания арасында сенімгерлік басқаруға беру туралы шарт немесе келісім жасалмаған. Сонымен қатар, олар санитарлық және экологиялық ережелерге сәйкес келмейді. Бұл қоршаған ортаның қарқынды ластануына әкеледі, – деді Серік Орымбетов.
Департаменттің бастамасы бойынша уәкілетті орган тексеру жүргізген. Оның нәтижелері бойынша компанияға Экологиялық кодекстің талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды.
Мониторинг барысында анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері – жұмысты тиісінше ұйымдастырмау және тиісті ведомстволық бақылаудың болмауы.
Спикердің айтуынша, бүгінде облыста халық үшін шот-фактура бойынша бірыңғай жүйе және қоқыс жинау бойынша бекітілген тариф жоқ. Қалдықтарды жинау және шығару халыққа 1 мың теңгеден 3 мың теңгеге дейінгі жоғары тарифтер бойынша қамтамасыз етіледі.
Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен оларды жою жөніндегі шаралар облыс әкімдігіне жолданды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі