Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматыда бір тоннадан астам контрабандалық пиротехникалық заттар тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы полициясы 2024 жылдың 5 желтоқсаны мен 2025 жылдың 3 қаңтары аралығында өткізіліп жатқан «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасының аралық қорытындысын шығарды. Іс-шара басталғаннан бері полиция бөлімшелері ҚР ӘҚбтК-нің 196-бабы (Тауарлардың немесе басқа заттардың заңсыз айналымы) бойынша 134 құқық бұзушылықты анықтады.
Заңсыз айналымнан 1 мың 482 қораптан астам пиротехникалық бұйымдар тәркіленді. Тауарларды онлайн сату жүзеге асырылатын сауда нысандары, базарлар мен интернет-ресурстар тұрақты бақылауда.
Естеріңізге сала кетейік, «Пиротехника» іс-шарасының мақсаты жаңа жылдық мерекелер кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттар мен олар пайдаланатын бұйымдар айналымының белгіленген ережелерін сақтауын қадағалау болып табылады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек