1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАлматы қаласының полицейлері бір күнде 27 қылмыстың ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстардың дер кезінде алдын алу және жолын кесу мақсатында 1«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде.
Жергілікті полиция қызметінің мәліметінше, іс-шараның бірінші күні алдыңғы саптағы және жедел полиция бөлімшелері 27 қылмыстың, сондай-ақ бұрын жасалған 14 қылмыстың бетін ашты. Сонымен қатар 724 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады және жолын кесті.
Атап айтқанда 25 ұсақ бұзақылық, 102 алкогольдік ішімдіктерді ішу, 68 тыныштықты бұзу, 52 кәмелетке толмағандардың кеш уақытта ересектердің еріп жүруінсіз жүруі, 154 тіркеусіз тұру және т.б. Сондай-ақ, қала жолдарында мас күйінде көлік айдаған 8 жүргізуші ұсталып, көлік жүргізу құқығынан айырылды,-делінген қалалық полиция мәліметінде.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?