23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда көгалдандыру және экологиялық жағдайды жақсарту бағдарламасы аясында қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды. Сәтбаев көшесінде 22 апатты ағаштың орнына биіктігі 6 метрден асатын 36 тянь-шань шыршасы отырғызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік мәліметінше, жергілікті питомниктердің көшеттері қаланың климаттық жағдайына сәйкес келеді, төзімділігі жоғары және агрессивті қалалық ортаға тез бейімделе алады.
Ескі ағаштарды ауыстыру қажетті шара болды. Еске салсақ, көшпелі кеңес барысында ғылыми қызметкерлердің, сарапшылардың, қоғам қайраткерлерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен Сәтбаев көшесіндегі ағаштардың жағдайы бағаланды. Учаскеде ескі шыршалар өседі, олар зерттеу нәтижелері бойынша апатты деп танылып, қала тұрғындары мен қоршаған ортаға қауіпті. Сондықтан жаңаларына ауыстырылды, - делінген мәліметте.
Биіктігі 4-тен 6 метрге дейінгі ірі көшеттерді пайдалану ағаштардың тіршілігін жақсартуға, жетілген ландшафт жасауға және қала көшелері мен саябақтарының эстетикалық келбетін сақтауға мүмкіндік береді. Ғалымдардың ұсыныстары бойынша қыста қылқан жапырақты ағаштарды отырғызу жердің жабық кесегімен жүргізілді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады