7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Алматы Қазақстанда тұрғындардың қауіпсіздігі үшін бейнеаналитика мен жасанды интеллект қолданылған алғашқы қала атанды. Бейнемониторинг жүйесі 45 мың камераны біріктіреді, ал 2025 жылдың соңына дейін бұл көрсеткіш 70 мыңға жетеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтыр жүйе қылмыс жасаған немесе іздеуде жүрген ондаған күдіктіні табуға көмектесті.
Жасанды интеллект алгоритмдері адамдар тобын, күдікті заттарды, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды, түтінді, өртті және т.б. оқиғаларды тануға мүмкіндік береді.
«Кешенді қауіпсіздік жүйесі» жобасы аясында 400-ден астам мемлекеттік мектеп пен балабақша қамтылды. Мұнда цифрлық камералар, бет-әлпетті тану турникеттері, дабыл түймелері және өрт датчиктері орнатылды.
Қазір жекеменшік білім беру мекемелерінің бейнекамералары жүйеге қосылып жатыр. Жыл соңына дейін осындай жүйе мемлекеттік медицина мекемелерінде де енгізіледі.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?