23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы облысында ТЖМ құтқарушылары бетон араластырғышта аяғы қысылып қалған құрылысшыны құрсаудан босатты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
2023 жылғы 29 сәуір күні сағат 16:52-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне құрылыс алаңында адамның аяғы қысылып қалғаны туралы Алматы облысы ТЖД-дан хабарлама келіп түсті. Құмды тиеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы сәтсіз сүрініп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.
Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы дереу оқиға орнына барды. Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Оқиға орнына келгеннен кейін ТЖМ құтқарушылары болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылған аяғын босатты, аяғы сынып кеткен екен. Құтқарушылар шок алған ер адамды жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем бригадасы оны бірден ауруханаға алып кетті.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады