23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы отқа оранған киім базарындағы өрт толығымен сөндірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін күндізгі сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма 118/4 мекенжайына аттанып, тілсіз жауды сөндіруге кіріскен еді.
Өрт сөндірушілер жеткенде контейнерлік типті қоймалар жанып жатқанын көріп, бірден су шашуға кіріскен. Сол маңда бірден жедел штаб ашылды, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды-көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.
Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктердің үлкен жану жүктемесіне, базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те толығымен жойылды, - деп жазылған Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады