Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматының бас ботаникалық бағы қуанышты жаңалығын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ботаникалық бақта алғашқы галантус гүлдеді. Оларды әдетте бәйшешек деп атайды.
Бақ қызметкерлері бұл нәзік гүлдер әдетте ақпанда, кейде тіпті қаңтарда гүлдейтінін, алайда биыл қыстың ұзаққа созылуына байланысты бұл процесс сәл кешіккенін алға тартты.
Егер сіз де ботаникалық бақта галантустарды көріп, олардың сұлулығынанләззат алғыңыз келсе, онда экскурсияға жазылыңыз. Кәсіби гид сізге ботаникалық баққа экскурсия жасайды, бәйшешек туралы қызықты мәліметтерді айтып береді және олардың қайда өсетінін көрсетеді, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар бақ өкілдері келушілерге сақ болу керектігін де ескертті.
Галантустардың тым осал екенін еске саламыз, сондықтан оларға ұқыпты қарауыңызды, көгалдар мен ашық жерлерде жүрмеуіңізді, әсіресе гүлдерді термеуді сұраймыз, - деп қосты бақтың баспасөз қызметі.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар